Компания тарихы

Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың кәсіпорындары жүйесін уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді  бақылау және жедел басқаруды арттыру үшін құрылды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алдына қойған – әлемдік атом өнеркәсібінде көшбасшы болу бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Компанияны құру мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындары үшін жүктерді тасымалдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Уранды өндіру көлемінің артуын және кен орнын игеру бойынша учаскелердің артуын ескере отырып, әр кәсіпорында өз автокөлік учаскелерін құру қолайсыз болды. Осыған байланысты, 2006 жылдың 10 сәуірінде «СКК» ЖШС құрылды. «СКК» ЖШС «Тау-кен компаниясы» ЖШС-гі Орталықтандырылған автотасымалдау базасы филиалының базасында Кен басқармасының №12 автошаруашылығы, №4 автошаруашылығы мен Кен басқармасының №6 көлік-қойма учаскесі және «Тау-кен компаниясы» ЖШС-нің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің қосылуы жолымен құрылды.